Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Қытай инвесторымен кездесті

СҚО әкімі Қытай инвесторымен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайдың «Guangcai» компаниясының президенті Чэнь Цзянтаомен жүздесті. Кездесуде барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, солтүстік өңірдің инвестициялық әлеуетін  таныстырылды.  «Guangcai» компаниясы инфрақұрылым мен өнеркәсіптік нысандар құрылысын жүргізу және жасыл энергетика саласындағы жобаларды іске асырумен айналысады, деп хабарлайды QZ News.

“Біздің өңіріміз әрқашан шетелдік инвесторларға ашық, болашақта жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға барынша қолдау көрсетеміз”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Айта кету керек, СКО мен ҚХР арасындағы серіктестік табысты дамып келеді. Өңірде қытай капиталының қатысуымен бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жарқын мысал – «Айдзю» компаниясы, ол май экстракциялау зауытын, құрама жем мен макарон өнімдерін өндіретін элеваторлық-жабдықтау кешенін, сондай-ақ май құю үшін орауыштар желісін ашты. Сонымен қатар, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында Шаньдун провинциясынан келген инвесторлар ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін зауыттың құрылысын жүргізуде.

Shares