Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі «Солнечный 2» шағын ауданындағы саябаққа ағаштар отырғызды

СҚО әкімі «Солнечный 2» шағын ауданындағы саябаққа ағаштар отырғызды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс компанияларының басшыларымен бірге «Солнечный 2» жаңа шағын ауданындағы саябаққа ағаштар отырғызды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қазір ықшам ауданда су тасқынынан зардап шеккендерге 520 үй салынуда. Барлығы 700 үй тұрғызылады. Құрылыспен қатар көшелерде де абаттандыру, көгалдандыру жүргізілуде. «Солнечный 2» тұрғындарына арналған жаңа балабақшаның құрылысы да басталып кетті.

Облыста зардап шеккендерге баспана мәселесін шешу белсенді жүргізілуде. Барлығы 1720 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Бүгінгі таңда комиссиядан 800-ге жуық адам өтті. 98 пәтер сатып алынды, тағы 240 өтініш төлемге жіберілді. «Солнечный-2» ықшам ауданынан жаңа үй алуға 203 өтініш қабылданды.

Сондай-ақ, қаланы аралау кезінде өңір басшысы Қазақстан Конституциясы көшесі, саябақтар мен қалаға кіре беріс жерлерді абаттандыру жұмыстарына ерекше мән беруді тапсырды.

Shares