Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО бойынша ҚАЖД-да Отбасы күні атап өтілді

СҚО бойынша ҚАЖД-да Отбасы күні атап өтілді

Отбасы күні Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік күнге орай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде салтанатты іс-шара дайындалды, оның барысында бірқатар отбасылар алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Құрметті әріптестер мен бүгінгі іс-шараның қонақтары, шын жүректен сіздерді Отбасы күнімен құттықтаймын. Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің қоғамда отбасы әрқашан әртүрлі ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын болған және болып қала береді. Қазіргі уақытта біздің Департаментте жұбайы мен зайыбы қызметкерлер болып табылатын 30-ға жуық отбасы қызметпен қатар өздерінің отбасылық міндеттерін атқаруда”,- деді департамент бастығы Әділет Мұстафинов.

Алғыс хат алған отбасылардың бірі 12 жыл бұрын үйленген Думан мен Индира Нұгұмановтар болды. Индира Ахметжанқызы – әділет майоры, кадр саясаты бөлімінің инспектор-полиграфологы, жұбайы Думан Ерғазыұлы – әділет подполковнигі, СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің жедел бөлімінің бастығы. Ерлі-зайыпты ішкі істер органдарындағы қызметін 2005 жылы бастады. Олар барлық бос уақыттарын балаларымен өткізуге тырысады. 2 бала тәрбиелеп отыр.

“Погондағы адам үшін ең бастысы – оның сенімді жақындары, отбасындағы жылы әрі түсіністік қарым-қатынас. Мықты отбасылық өмірдің құпиясы – ең алдымен, кез-келген қиын жағдайда көмек, құрмет, қолдау көрсету”, – деп атап өтті ерлі-зайыпты.

 

 

 

 

Shares