Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да 10 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу қажет

СҚО-да 10 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу қажет

Бүгінгі таңда облыс бойынша 10 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу қажет. Аудан әкімдіктері сегіз жобалық-сметалық құжаттама әзірледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қоғамдық кеңесте СҚО-да қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қажет ететін аудандар жарияланды. Тізімде қамтылған аудандар:

  • М.Жұмабаев ауданы, Булаево қ.
  • Ақжар ауданы, Талшық ауылы
  • Ғ.Мүсірепов ауданы, Рузаевка ауылы
  • Аққайың ауданы, Смирново ауылы
  • Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы
  • Тайынша ауданы,Чкалово ауылы
  • Уәлиханов ауданы,Бидайық ауылы,
  • Тимирязев ауданы, Тимирязево ауылы

Облыс орталығына да қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны үшін жер телімін бөлу жоспарлануда. Петропавлдағы қазіргі полигон 88% толған. Әкімдік 2023 жылы жаңа жер телімін рәсімдеп, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, СҚО-ның жергілікті билігі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ауылдық жерлердегі бұрынғы қатты тұрмыстық қалдықтар үйінділеріне рұқсат беру тәртібін жеңілдету мәселесі бойынша жүгінді. Қазіргі уақытта мәселе қарастырылуда.

Сонымен қатар, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын қалыптастыру кезінде республикалық бюджет есебінен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу жобасына енгізу туралы ұсыныстар жолданды, өкінішке қарай, Астанада мұндай ұсыныс қолдау таппады.

Shares