СҚО-да 200-ден астам бала ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасына қатысты
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның № 1 Новоишим орта мектебінде ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының бірінші туры өтті. Интеллектуалдық сайысқа 244 бала қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Олимпиаданың тапсырмалары оқушылардың логикалық, математикалық және кеңістіктік ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру қабілеттерін бағалауға бағытталған. Олимпиаданың бірегейлігі бар, оған академиялық жетістіктері мен мектептегі бағаларына қарамастан, әркім қатыса алады.
Жалпы, СҚО-дағы IQanat олимпиадасында 1761 оқушы өз күшін сынап көрді. Бірінші тур аясында қараша айына дейін облыстық кезеңге қатысушылар іріктеледі. Тест тапсырудан бөлек, оқушылар IQanat мектебінде үш күндік дайындықтан өтеді – қарқынды білім беру және ынталандыру тренингтері.
Олимпиаданың екінші кезеңі финалға шығатын балаларды анықтайды. Ал финалға қатысушылардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына оқуға түседі. Тұруға, тамаққа, киімге және оқу құралдарына қажетті ақша өтеледі. Ең мықты оқушылардың екінші бөлігі ІQanat олимпиадасынан кейінгі үш жылдық кезеңде тегін сүйемелденеді, оның барысында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға қарқынды түрде дайындалады, ағылшын тілін, ІТ-дағдыларын, кәсіпкерлікті меңгереді, кәсіптік бағдарлау жүргізеді.