СҚО-да 49 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Прокуратура органдары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жыл басынан бері прокурорлар 49 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Кадастрлық құны 932 миллион теңге шамасында, деп хабарлайды QZ News тілшісі
Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары ұзақ уақыт бойы 42 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін негізсіз пайдаланған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұл жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды шаруашылық айналымына тартылды», – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.