СҚО-да апта басында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді
Петропавлда аптап ыстық пен шуақты ауа райы жаңбырға, найзағайға және күшті желге ауысады. Бұл – «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының ресми сайтында жарияланған болжам, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
15 шілде күні Петропавлда ауа температурасы +18 градусқа дейін көтеріледі, бұлт торлайды, найзағай ойнайды, жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Сейсенбі күні облыс орталығында сынып бағанасы +24+26 градусты көрсетеді. 16 күні бұлт торлайды, жаңбыр жауады және күн күркірейді. Сәрсенбіде ауа райы бірнеше градусқа көтерілгенімен, болжам қайталанады.
Облысқа келетін болсақ, дүйсенбі күні облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. 15 шілдеде облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы да мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбі күні түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Ауа температурасы жұмыс аптасының бірінші және екінші күні +24+29 градусты көрсетеді. Бұл күндері аудандарда жаңбыр жауып, жел соғады.