СҚО-да аптаның соңына дейін жаңбыр жауады
16 тамыз күні сынап бағанасы +18 +20 градусты көрсетеді. Синоптиктер бұл күні жаңбыр мен найзағай ойнайды деп отыр. 17-сі күні дәл осы ауа райы болжамы қайталанады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалына сілтеме жасап.
16 тамыз күні облыс бойынша жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Сынап бағанасы +18+23 градусты көрсетеді.
СҚО аудандарында осындай температура 17 тамыз күні күтіледі. Сенбіде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.