Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да автобустар тексерілуде

СҚО-да автобустар тексерілуде

СҚО-да “Автобус” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Автобус жүргізушілері арасында жол апаттарының алдын алу жұмыстарынан бөлек, полицейлер такси, мотоцикл, мопед және екі дөңгелекті көліктің басқа да түрлерінің жүргізушілері тарапынан болуы мүмкін жол жүрісі қағидалары бұзушылықтарының алдын алуға баса назар аударуда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жолаушылар көлігінің қатысуымен өңір жолдарында алты айда 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда бес адам жарақат алды.

“Өткізіліп жатқан іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қоғамдық көлік жүргізушілерінің тарапынан жол жүрісі қағидаларының 65 бұзушылығы анықталды; көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін – 13, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін — 8, техникалық тексеруден өтпеген көлікті басқарғаны үшін 7 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдаумен айналысудың бір фактісі анықталды, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Облыс орталығында патрульдік полициямен бірге рейдтік іс-шараларға экология департаментінің қызметкерлері де қатысып жатыр. Газ анализаторының көмегімен олар автобустардан шығатын ластаушы заттардың деңгейін өлшейді. Қажетті нормадан асқан жағдайда — құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материал жиналады.

Shares