Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да экстремистік әдебиетпен жүрген Қырғызстан азаматына айыппұл салынды

СҚО-да экстремистік әдебиетпен жүрген Қырғызстан азаматына айыппұл салынды

СҚО аумағындағы “Жаңа жол” шекара бекетінде экстремистік әдебиетті өткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қырғызстан Республикасының 30 жастағы азаматының басқаруындағы автокөлікті тексеру барысында 2020 жылы экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының барлық аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынған кітап табылып, тәркіленді.

Сот шешімімен шетелдік айыппұл түрінде жауапқа тартылды. СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасынан хабарлағандай, жыл басынан бері облыста діни заңнаманың бұзылуының 19 фактісі анықталды.

Тәртіп сақшылары діни мазмұндағы материалдарды таратуға заңда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ғана жол берілетінін еске салады.

Shares