СҚО-да ерекше тауарларды заңсыз тасымалдаудың 26 фактісі тіркелді
2023 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарада бақылау тізіміне лицензиясыз және ерекше тауарларды сәйкестендіру туралы қорытындысыз енгізілген тауарларды өткізудің – 169 әрекеті, ал 2024 жылы 26 факт анықталды. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Төленді Керімбеков айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Көрсетілген фактілер бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар рұқсат құжаттарын алу үшін Өнеркәсіп және құрылыс комитетіне жіберілді”,- деп атап өтті СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Төленді Керімбеков.
Спикер Мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде ерекше тауарларды бақылау туралы заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершіліктің қылмыстық және әкімшілік түрлері қарастырылғанын да мәлімдеді.