Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да ірі габаритті жүктерді тасымалдау ережесін бұзған жандарға 9,4 млн теңге айыппұл салынды

СҚО-да ірі габаритті жүктерді тасымалдау ережесін бұзған жандарға 9,4 млн теңге айыппұл салынды

СҚО аумағында көпшілік қолданатын пайдалы қазбалар, атап айтқанда қиыршық тас, құм, саз және басқа да инертті материалдар өндірілетін 14 ірі кен орны бар. Бұл бағытта СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы жұмыс істейді. Нақтырақ айтсақ, көлікке тиелгеннің салмағын тексереді. Сандарға тоқталайық. 2024 жылы аталған орган өкілдері рұқсат етілген көрсеткіштерді сақтамағаны үшін жауапты тұлғаларға қатысты 22 әкімшілік материал рәсімдеген, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Ауыр және ірі габаритті жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын қадағалау қорытындысы бойынша жыл басынан бері кінәлі тасымалдаушыларға қатысты 27 әкімшілік іс қозғалды және 9,4 млн теңге айыппұл салынды», – деді СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Абылай Қазбаев.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап автомобиль көлігінде анықталған бұзушылықтар бойынша инспекция қызметкерлері 475 әкімшілік іс қозғады. 49,64 млн теңге сомасына айыппұл салынды, республикалық бюджетке автокөлік құралдарының жол жүргені үшін 2,35 млн теңге мөлшерінде алым аударылды.

“Қазіргі уақытта автокөлік құралдарының жол жүруін бақылауды жүзеге асыру ісінде қиындықтар бар.
Инспекторлық құрамның аздығы – біздегі маңызды мәселе. Сондай-ақ жүргізушілер мен тасымалдаушылар инспекторлармен тікелей байланыста болады. Бұл сыбайлас жемқорлық фактілеріне алып келуі мүмкін”,- деді Абылай Қазбаев.

Жолдарда бақылаудың тиімді моделін құру және облыстың автожолдарында жағымсыз факторларды болдырмау мақсатында жоспар бар. 2024 жылы автокөлік құралдарының ауыр салмақтық және габариттік параметрлерін автоматты режимде өлшеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 6 заманауи өлшеу станциясын орнату жоспарланған.

Shares