СҚО-да ірі өрт оқиғасын ұйымдастырғандар 6 және 7,5 жылға сотталды
13 мамыр күні сот “Барс” және “Салахатдин” ШҚ басшысы Бари Амоевтің қоймаларын өртеу ісіне нүкте қойды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Сот екі сотталушы 2023 жылдың мамыр айында Золотая Нива ауылында орналасқан астық сақтауға арналған қоймаларды өртеу арқылы бүлдіргенін және жойғанын анықтады. Осылайша, жәбірленушіге 495 миллион теңгеден астам шығын келген. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен және сарапшылардың, мамандардың және басқалардың қорытындыларымен дәлелденді.
“Сот үкімімен сотталушы К. ҚК 202-бабы 3-бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сотталушы П. ҚК 202-бабы 3-бөлігі және 106-бабы 1-бөлігі бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Әрқайсысына жазаны өтеу орны ретінде қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі анықталды”, – делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.