Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да коммерциялық ұйым басшысы 840 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінді

СҚО-да коммерциялық ұйым басшысы 840 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйым басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды QZ News.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністер өсіруге арналған жабдық сатып алу мақсатында Ұлттық қордан бөлінген 840 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген.

«Айыпталушы сотқа берілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімімен кінәсі дәлелденбейінше, әркім кінәсіз деп есептеледі», – делінген хабарламада.

Shares