Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да полицейлер мас жүргізушіге қатысты жария сот ұйымдастырды

СҚО-да полицейлер мас жүргізушіге қатысты жария сот ұйымдастырды

 

Мамлют ауданында көлікті мас күйде жүргізгені үшін жүргізуші куәліктерінен айырылған азматтарды полицейлер сот отырысына шақырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Сот үкімі 40 жастағы солтүстікқазақстандыққа шығарылды. Ол үш жыл бұрын Астана қаласында көлікті мас күйде тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды. Енді биылғы күзде “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде тағы да заң бұзғаны анықталды. Воскресеновка ауылының маңында көлікті орташа деңгейдегі алкогольдік мас күйде жүргізіп келе жатқан жерінде полицейлер оны тоқтатты. Көлікті мас күйде қайталап жүргізу қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады.  Сот шешімімен ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Прокуратурамен, сотпен және полицейлермен келісе отырып, сот отырысына жүргізуші куәліктерінен айырылған 15 мамлюттік шақырылды.

– Бұл профилактикалық шараның әсері болады деген сенімдеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған “Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес заңның кез келген бұзушылықтарына мүлдем жол берілмейді. Алайда кей адамдар түрлі сылтаулар айтып көлік тізгініне мас күйде қайта отырады. Бұл жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін қауіпті. Сондықтан осындай заң бұзушылық үшін жаза қатаңдатылып отыр, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафин.

 

Shares