СҚО-да Президенттің кеңесшісі құқық қорғау органдарының өкілдерімен кеңес өткізді
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды QZ News.
Күн тәртібінде – Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында жүктеген міндеттерге сәйкес «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Кеңес барысында СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов, облыс прокурорының орынбасары Александр Трикачев және ІІМ ардагері Ақан Сыздықов баяндама жасады. Жиында қылмыс деңгейін төмендету, интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарына қарсы күрес, құқықбұзушылықтардың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.