Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да прокурордың жаңа орынбасары тағайындалды

СҚО-да прокурордың жаңа орынбасары тағайындалды

Бас прокурордың бұйрығымен Александр Трикачев Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Александр Трикачев прокуратурадағы еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы бөлімінде прокурор болып бастаған. 2007-2019 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарының және облыс орталығының прокуроры қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы үкімдердің орындалуын қадағалау департаментінің басшысы лауазымында еңбек еткен.

Құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталған.

 

Shares