СҚО-да құтқарушылар газ баллонының жарылуын алдын алды
СҚО, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында Пионерская көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде 15 ш.м аумақта өрт шықты, деп хабарлайды QZ News.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт салдарынан күйік шалған үй иесін құтқарып қалды. Сонымен қатар, құтқарушылар дер кезінде газ баллонын сыртқа шығарып үлгеріп, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.