СҚО-да референдум күні жүкті және босанған 40 әйел дауыс берді
6 қазанда облыстық перинаталдық орталықтың қабырғасында да дауыс беру өтіп жатыр. Сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, денсаулық сақтау нысанында орналасқан учаскеге 150-ге жуық адам келді. Олардың әрқайсысы референдум күні бюллетень толтырып, өз дауысын берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру белсенді өтіп жатыр, бұзушылықтар тіркелген жоқ. Референдумға жүкті және босанған 40 әйел қатысты. Олар ОПО пациенттері болып табылады. Перзентханада комиссия мүшелері мыңнан астам дауыс берушінің келуін күтуде. 5 адам үйде дауыс беруге ниет білдірді.