Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да санитарлық дәрігерлер маңызды ақпармен бөлісті

СҚО-да санитарлық дәрігерлер маңызды ақпармен бөлісті

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, арнайы мониторинг шеңберінде 2024 жылдың 1 жартыжылдығында тамақ өнімдерінің 20 сынамасы іріктелді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Оның ішінде отандық өндірушілердің 8 сынамасы және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 12 сынамасы бар.

“Көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін 3 өнім сынамасы анықталды: 2-таңбалау және 2-жалған өнім.
Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг бойынша жұмыс жалғасуда. 2023 жылы және 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысында азаматтардан сатылатын өнімнің сапасына, базарларда өнімді өткізу шарттарына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шағымдар түскен жоқ”,- СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Shares