Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 10 адам “Щучинский” шипажайына жол тартты

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 10 адам “Щучинский” шипажайына жол тартты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Кәсіподақтар федерациясының және облыстық әкімдіктің ынтымақтастығы аясында су тасқынынан зардап шеккен азаматтар тегін шипажайға жіберіледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

10 мамыр күні бірінші топ демалысқа бағыт алды. Зардап шеккендердің екінші легі 12 мамырда Алматыдағы “Көктем” шипажайына барады.

“Бүгін “Щучинский” шипажайына бару ұйымдастырылып отыр. Біздің бірінші топ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 10 адамнан тұрады. Олар 10-19 мамыр аралығында демалады. Яғни, 10 күн болады. Бізде зардап шеккен азаматтардың тізімі бар. Жерлестерімізге қоңырау шаламыз, ұсынамыз. Егер адамдарда үйге, жылжымайтын мүлікті бағалауға қатысты проблемалар болмаса, келісім береді, жолға жиналады”, – деді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Береская.

Shares