Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер алынды

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер алынды

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер сатып алынды. Оның біреуіне Косогорда тұрған Валерий және Людмила Беленконың отбасысы ие болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Беленко жанұясында болып, жаңа қоныспен құттықтады. Жалпы айтып өткен жөн, пәтерді адамдар өздері таңдайды. Баспана беру бағалау жұмыстары мен комиссияның үйді қалпына келтіру мүмкін емес деген қорытындысына байланысты беріліп отырмақ.

Сондай-ақ, Министр Ойқалада қалпына келтіру жөніндегі штабта болып, Солнечный 2 ықшам ауданында салынып жатқан үйлер құрылысының барысымен танысты. Жаңа жатақханада зардап шеккендермен және «Қызылжар су» қызметкерлерімен кездесу өткізді. Оған қоса, гуманитарлық көмекті қабылдау пунктінде болып, еріктілермен кездесіп, шығынды өтеу туралы арыздарды Egov mobile қосымшасы арқылы қабылдау алгоритмі туралы түсіндерме жүргізді.

Shares