Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да тағы да күн суытады

СҚО-да тағы да күн суытады

Бұлт көшеді, жаңбыр, найзағай, ал күндіз бұршақ жауады. “Қазгидромет” РМК СҚОФ петропавлдықтар үшін 29 тамыз күніне арнап осындай болжам жасады. Бейсенбіде сынап бағанасы +20+22 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жұма күні облыс орталығында температура +15+17 градус болады, бұлт көшеді, жаңбыр жауады. 31 тамызға арналған болжам бойынша ауыспалы бұлт болады, жаңбыр күтіледі.

Бейсенбі, жұма және сенбі күндері облыстың батысында жаңбыр, найзағай, ал солтүстігінде бұршақ күтіледі. 29 тамыз күні СҚО бойынша температура +20+25 градусқа дейін, 30 күні +15+20 градусқа дейін қызады, ал 31 тамызда сынап бағанасы +13+18 градусты көрсетеді.

Shares