Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да таяу күндері қар жауып, аяз күшейеді

СҚО-да таяу күндері қар жауып, аяз күшейеді

«Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының мәліметінше, 11 қарашада Петропавлда күн бұлтты, қар жауады, темпераура -5-7 ° C болады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

12 қарашада облыс орталығында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, темпераура -7-9 ° С құрайды. 13 күні күн бұлтты болады, қар жауады, боран соғады, темпераура – -5-7 ° C.

11 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын болады, темпераура – -5-10 ° С. 12 күні облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, боран болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман байқалады, темпераура – -7-12 ° С. 13 қарашада қар жауады, боран болады, темпераура – -5-10 ° C. Облыс аумағындағы ауа райына келсек, қатты жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Shares