СҚО-да Telegram арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым беруге болады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыстың жаңа теттіктерін қолдану мақсатында Telegram мобильді қосымшасында «EgovKzBot2.0» платформасында «Уәкілетті органға өтініш» білдіру қосымша батырмасы іске қосылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Аталған платформа арқылы көрсетілетін қызметті алушы сұрақтар қоя алады, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағым бере алады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныстар білдіре алады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы 3 өтінішті қарады: мүгедектігі және еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша жәрдемақыларды төлемеу, сондай-ақ соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтамалар алу мәселелері бойынша.
“Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтарын қалпына келтіру жөнінде толық шаралар қабылдады, олардың заңды құқықтарын қорғауға жәрдем көрсетті. Мәселен, Департаментке Telegram Bot арқылы өтініштердің келіп түскеннен кейін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру бойынша орталық филиалына жәрдемақы төлеу бойынша қосымша қажеттілік жіберілді. Нәтижесінде жәрдемақы төлеу жеделдетілді. Екі өтініш берушіге жоғарыда көрсетілген анықтаманы алуға жәрдем көрсетілді. «EgovKzBot2.0» платформасында
өтініштерді қарау тұрақты бақылауда”,- делінген мемлекеттік қызмет істері агенттігі
СҚО бойынша департаментінің хабарламасында.