СҚО-да түтін датчигінің арқасында екі кішкентай бала мен бір ересек адам аман қалды
Шал ақын ауданына қарасты Сергеевка қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Бұл үйде 7 адамнан тұратын көпбалалы отбасы тұрған, деп хабарлайды QZ News.
Өрт көрші пәтердің верандасында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан басталған.
«Өрт шыққан сәтте пәтерде әкесі мен 3 және 6 жастағы екі кішкентай бала болған. 2009 және 2019 жылы туған қыздары әжесінің үйінде болған, 2013 жылы туған үлкен ұлы мектепте, ал анасы жұмыста болған. Түтін пәтерге жайыла бастаған. Дабыл сигналы естілген сәтте әкесі балаларын шұғыл сыртқа шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған», – деп хабарлады СҚО ТЖД.
Өткен жылы күзде ТЖМ қызметкерлері орнатқан түтін датчигінің арқасында балалар мен ересек адамның өмірі құтқарылды. Егер дабыл іске қосылмағанда, қайғылы жағдай болар еді.