Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да үсік жүріп, жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі

СҚО-да үсік жүріп, жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 15 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды QZ News.

Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болжануда. Күндіз шығыс және оңтүстік аймақтарда найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады: түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз де 15-20 м/с.

Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Облыс орталығында да 15 сәуір түнде жаңбыр мен қар жауады. Жел солтүстік, солтүстік-батыс бағытта, жылдамдығы 15-20 м/с.

Shares