СҚО-да жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмысты жақсарту үшін меморандумға қол қойылды
Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының әскерге дейінгі жастарымен әскери-патриоттық жұмыс саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Келісімге СҚО әкімдігі білім басқармасының өкілдері, «Оқушылар сарайының» директоры, Петропавл әскери гарнизонының бастығы подполковник Қайрат Жәнібеков, № 6637 әскери бөлімінің командирі Досан Күркенов, «Ауған және жергілікті соғыстар ардагерлері одағы» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Шамиль Шакиров және ҚР Ұлттық ұланы Академиясының бастығы Артур Тоқышев қол қойды.
“Меморандум ұлттық бірлікті нығайтуға және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған. Оның мақсаты жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру және аға буынның асыл да құнды дәстүрлері мен тәжірибелерін ұрпаққа жеткізу болып табылады. Жасөспірімдер арасында патриоттық сананы қалыптастыруға және елдің мүдделерін қорғауға әзірлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ бұл құжат жастардың азаматтық борышын орындауға бейімделуіне ықпал етеді”, – делінген ҚР Ұлттық ұланы академиясы баспасөз қызметінің хабарламасында.