Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жеміс-жидек теріп жүрген тұрғындар адам сүйектерін тауып алды

СҚО-да жеміс-жидек теріп жүрген тұрғындар адам сүйектерін тауып алды

Солтүстік Қазақстан облысында 2019 жылдың тамыз айында жоғалып кеткен 59 жастағы ер адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

3 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылы маңындағы орманда жан түршігерлік жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғындар жидек теріп жүріп, ер адамның сүйектерін тауып алды.

СҚО ДП мәліметі бойынша, сараптама тағайындалды. Нәтижесі мәлім. Орманнан табылған қалдықтар Налобино ауылының 1960 жылы туған тұрғынының сүйектері екені дәлелденді. Ол 2019 жылдың 31 тамызында үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Полиция, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздестіру шараларын жүргізді, бірақ нәтиже болмады. Қазір полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлайды СҚО ПД.

 

Shares