Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да ЖРО мамандары 1405 жасқа жұмысқа орналасуға көмектесті

СҚО-да ЖРО мамандары 1405 жасқа жұмысқа орналасуға көмектесті

12 тамызда Қазақстанда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. Ұсынылған ақпарға сүйенсек, 2024 жылдың басында республика жастарының саны – 5 759 781 адам. Бұл 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында жас қазақстандықтарды жұмыспен қамту жайлы жазылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жас кәсіби бағдар беру жұмыстарымен қамтылды, 130 мыңнан астамы жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалардың бағыттары бойынша консультациялық көмек алды”,- делінген ресми хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облыстық жастар ресурстық орталықтарына
2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 1638 жас өтініш білдірді. 1405 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Ал Петропавл қалалық ЖРО-ға 289 адам жүгінді. Қаланың 273 тұрғыны жұмыс таба алды.

Shares