Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жұмыс аптасының басында күн +20 градусқа дейін жылынады

СҚО-да жұмыс аптасының басында күн +20 градусқа дейін жылынады

 

Жұмыс аптасының алғашқы үш күнінде облыс орталығында бұлт көшеді, алайда жаңбыр жаумайды. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалы жариялады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

9 қыркүйек күні Петропавлда температура +18+20 градусқа дейін көтеріледі. Сейсенбі және сәрсенбі күндері облыс орталығында сынап бағанасы +16+18 градусты көрсетеді.

Дүйсенбі күні облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады деп күтілуде. Температура +18+23 градусқа дейін көтеріледі. 10 және 11 қыркүйек күндері аймақта жауын-шашын болмайды. Сынап бағанасы +13+18 градусты көрсетеді.

Shares