СҚО-да жұмыс аптасының соңында күн суытады
Облыс орталығында алдағы үш күнде сынап бағанасы +11+13 градустан жоғарыламайды. Бұл – «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының мәліметі, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Сәрсенбі және бейсенбі күндері облыс орталығында жаңбыр жауады. Синоптиктердің болжамы бойынша жұмада қалада көшпелі бұлт байқалады. Жауын-шашын тіркелмейді.
4 қыркүйек күні облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр және найзағай күтіледі. Сынап бағанасы +10+15 градусты көрсетеді. Бейсенбіде СҚО аумағында жаңбыр жауады, ең көп жауын-шашын облыстың шығысында тіркелмек. Ал 5-і күні жылылық көрсеткіші +8+13 градусты құрайды. 6 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауады, ауа температурасы +10+15 градус болады.