Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жыл басынан бері 45 адам ата-ана құқығынан айырылды

СҚО-да жыл басынан бері 45 адам ата-ана құқығынан айырылды

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында полицияда кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 154 ата-ана есепте тұр. Облыс бойынша ювеналды полицейлердің бастамасы бойынша жыл басынан бері 45 адам ата-ана құқығынан айырылды, оның 18-і – Петропавлда, тағы 14-і ата-ана құқығынан шектелді. Мұндай жайттардың басты себебі – ішімдікті шектен тыс пайдалану, яғни балаларға және олардың әл-ауқатына қамқорлық жасамау, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

17 қыркүйекте басталған “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасы аясында СҚО полицейлері ата-аналармен профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр. Түнгі уақытта көшелер мен ойын-сауық орындары бойынша күшейтілген рейдтер, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тексеру жоспарланған. Тексерулер прокуратурамен, білім және қамқоршылық органдарымен бірлесіп жүргізіледі.

“Петропавл полицейлері баратын отбасылардың бірінде 8 жасар қыз бар. Ата-аналардың екеуі де ішімдікке тәуелді, үйдегі атмосфера осы кезеңде балаға кері әсер етеді. Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері осы факт бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қарау үшін материал жинауда. Көбінесе немқұрайлы ата-аналарға түзету мерзімі беріледі, егер комиссияның талаптары орындалмаса, ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру туралы мәселе қаралады”,- делінген СҚО ПД хабарламасында.

Полицейлердің профилактикалық жұмысы балалардың қараусыз қалуын болдырмауға, жасөспірімдер қылмысын азайтуға, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Shares