СҚО-да жыл басынан бері 49 адам тәж вирусын жұқтырған
Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылдың 7 айында коронавирустық инфекцияның 49 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 есеге төмендеу байқалады. Бұл – облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпары, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
СҚО санитарлық дәрігерлері атап өткендей, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылды. Мамыр, маусым, шілдеде КВИ жағдайлары тіркелген жоқ.
“Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін мынадай алдын алу шаралары ұсынылады: үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, қолды өңдеу үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, ауру адамдармен байланысты шектеу, ауру белгілері бар адамдармен байланыста болған кезде бетперделерді пайдалану, уақтылы медициналық көмекке жүгіну”,- делінген СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.