Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО диқандары дәнді дақылдардың 98% астамын жинады

СҚО диқандары дәнді дақылдардың 98% астамын жинады

Солтүстік Қазақстан облысының аграрилері астық жинау науқанын аяқтау үшін ауа райының жақсарғанын күтуде. Бұл туралы QZ News тілшісі СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметінен білді.

“Қазірдің өзінде 3251,5 мың га немесе алқаптардың 98,1% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Өнімділік – 18,2 га/ц. 5917,8 мың тонна астық бастырылды. Майлы дақылдарға келетін болсақ, олар 326,3 мың га немесе алқаптардың 48,4% жиналды, 373,2 мың тонна өнім бастырылды, өнімділік – 11,4 га/ц”, – делінген СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Астық қабылдау орындарына алқаптардан 1 403 мың тонна астық, оның ішінде 1041 мың тонна бидай түсті. Оның ішінде жұмсақ бидай – 978 мың тонна. Оның ішінде 3 сынып – 411,3 мың тонна, 4 сынып – 448,2 мың тонна. Сонымен қатар, АҚП-ға 194,7 мың тонна арпа, ал өзге де дақылдардан 168,1 мың тонна түсті.

Shares