Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО ДП: Арнайы көлікті өткізбегендер – 25 000 теңге айыппұл арқалайды

СҚО ДП: Арнайы көлікті өткізбегендер – 25 000 теңге айыппұл арқалайды

Петропавл полицейлері арнайы көліктердің жүруіне кедергі келтірген жүргізушілерді анықтауда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі СҚО ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы жарық шамдары мен дабыл құралы жанып тұрған арнайы көліктерге жолда басымдық беру – барлық жол қозғалысына қатысушылардың міндеті. Жедел жәрдем немесе өрт сөндірушілер жолындағы кешігу біреудің өмірі мен денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

Түскі үзіліс кезінде облыс орталығының көліктер ең көп жүретін көшелерін арнайы машина бір жарым сағатта жүріп өтеді.

«Тоғыз күн ішінде мұндай заң бұзушылық анықталған жоқ. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арнайы көліктермен өтуіне еш кедергі келтірмеген. Айта кету қажет, өткен жылдары әрбір рейд барысында заң бұзушылар анықталатын. «Мұндай тексерістер алдағы уақытта да жалғасады», – дейді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирінің м.а Арман Әйтеев.

Тәртіп сақшылары еске салады: ҚР ӘҚБтК 6-бөліміне сәйкес, шұғыл қызметтік тапсырманы орындайтын дыбыстық сигналы және жарығы қосылған жедел және арнайы қызмет көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысының басқа қатысушыларынан артықшылықты пайдаланады. Ережеге бағынбағандар 7 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды. Бұл шамамен 25 мың теңгені құрайды. Өткен жылы Петропавлда арнайы көліктердің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Биыл бір жағдай орын алды.

 

Shares