Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО ерлер колониясындағы сотталғанға дене жууға арналған мочалка ішінде марихуана жасырылып өткізілмек болды

СҚО ерлер колониясындағы сотталғанға дене жууға арналған мочалка ішінде марихуана жасырылып өткізілмек болды

Петропавл қаласында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесі қызметкерлері сотталған азаматқа арналған сәлемдемені тексеру барысында дене жууға арналған мочалка ішінен өзіне тән иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес затты анықтады, деп хабарлайды QZ News.

Ерлер колониясының қызметкерлері бірден жедел-тергеу тобын шақырып, табылған затты тәркілеп, сот-химиялық сараптамаға жіберді. Сараптама нәтижесі бойынша бұл зат «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып шықты, жалпы салмағы — 17,78 грамм.

«Тыйым салынған зат мұқият түрде полиэтилен пакеттің ішіне оралып, мочалканың ішкі бөлігіне тігіліп салынған. Бұл ерекше сәлемдеме Қостанай облысының тұрғынынан келген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Shares