Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ға 8 сотталған жазасын өз елінде одан әрі өтеу үшін жеткізілді

СҚО-ға 8 сотталған жазасын өз елінде одан әрі өтеу үшін жеткізілді

Соңғы бірнеше жылда СҚО бойынша шет мемлекеттерде бас бостандығынан айыруға сотталған 12 адамға қатысты Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешім қабылданды. 8 сотталған жазасын өз елінде одан әрі өтеу үшін жеткізілді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Қазақстан 1998 жылғы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы ТМД Конвенцияның, сондай-ақ 20 астам елмен жасалған сотталған адамдарды беру туралы екіжақты шарттарға қатысушысы болып табылады. Сотталған адам, оның заңды өкілі, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары, сондай-ақ шет мемлекеттің құзыретті органдары сотталғанның келісімімен беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы”,- делінген СҚО прокуратурасының хабарламасында.

Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры сотқа ұсыныс енгізеді. Сот қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады, ол сотталған адамды Қазақстанға беруге қатысты түпкілікті шешім қабылдау үшін шет мемлекеттің құзыретті органына жібереді. Шет мемлекеттің уәкілетті органының сотталған адамды беруге келісімі келіп түскен кезде оны қабылдау жөніндегі жұмыс ұйымдастырылады. Нақты бергеннен кейін сотталған адам Қазақстан заңнамасына сәйкес жазасын өтеуді жалғастырады.

Shares