Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ның тәртіп сақшылары 5 күн ішінде тіркелмеген 12 бірлік қару тәркәледі

СҚО-ның тәртіп сақшылары 5 күн ішінде тіркелмеген 12 бірлік қару тәркәледі

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне қала маңындағы ауылдардың бірінің тұрғыны көлікжайында тіркелмеген мылтық сақтауы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тексеру барысында ақпарат расталды. Тіркелмеген «ИЖ-27Е» маркалы қосауыз мылтық тәркіленіп алынды. Мылтықтың қайдан келгені туралы сұраққа ер адам өзен жағасынан қапшықтың ішіне бөлініп салынған күйінде тапқанын айтты. Бұл факті Қызылжар ауданы полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді; ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналып, сотқа жіберілді.

«Кез келген қару түрі, әсіресе, атыс қаруы өте қауіпті. Қарумен байланысты қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында 5 және 9 қыркүйек аралығында СҚО аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бес күнде облыста ішкі істер органдарында тіркелмеген, заңсыз сақталған 12 бірлік қару; иір ұңғылы қаруға арналған 48 патрон, 12 және 16 калибрлі 60 патрон тәркіленді. Сақтау қағидаларын бұзғаны үшін 10 адамнан қарулары тәркіленіп алынды», – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Мадияр Харипов.

Сондай-ақ «Қару» іс-шарасы шеңберінде полицияға 9 бірлік қару ерікті түрде тапсырылды. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы ескерткендей, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен оны ерікті түрде тапсыру ғана босатады.

 

Shares