СҚО-ның жас ақындары түрлі деңгейдегі айтыстарда бақ сынауда
2024 оқу жылы «Қызылжар Дарыны» орталығының қолдауымен Оқушылар сарайында «Жас ақындар» үйірмесі өз жұмысын бастады. Бүгінде жас дарындар мектебі өзінің алғашқы жетістіктеріне жетуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Атап айтсақ, «Толқыннан толқын туады» облыстық оқушылар айтысында мына балалар оза шауып, жүлде еншіледі: Сұлтан Жарқынұлы, Сарбай Абзал, Бейбарыс Аманжолұлы, Әзиз Дәулет.
Солтүстікқазақстандық Сұлтан Жарқынұлы «Қола домбыра – 2024» республикалық жас ақындар айтысына да қатысты. Дүбірлі думанда еліміздің 20 өңірінен келген 12-18 жас аралығындағы 22 ақындар бақ сынады. Өңіріміздің намысын қорғаған өрен ақшалай сыйлық алды және қатысқаны үшін берілген алғыс хатты қанжығаға байлады.