Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 754 килограмм есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 754 килограмм есірткі тәркіледі

СҚО-да 2024 жылы құқық қорғау органдары 188 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 68 әрекет және 113 қылмыс болып саналады. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтаудың 7 фактісі, контрабанданың 3 фактісі және есірткі құралдарын өткізудің 102 фактісі тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Петропавл қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жангелді Әпенов мәлім етті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Заңсыз айналымнан 754 кг әртүрлі есірткі заты алынды, оның ішіндегі 5 кг 824 гр – синтетикалық есірткі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, СҚО-да есірткіге тәуелді 487 адам есепте тұр, олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар. Ағымдағы жылы Көкшетау, Астана және Алматы қалаларынан Петропавл қаласына синтетикалық есірткінің жаңа түрін жеткізбек болған 7 тұрақты арна жойылды”, – деді Жангелді Әпенов.

Сондай-ақ спикер ҚР ҰҚК-нің СҚО бойынша шекара қызметімен бірлескен жоспарға сәйкес есірткі құралдарын, оларды дайындауға арналған заттар мен жабдықтарды табу мақсатында шекаралық бақылаудан өту аймақтарында тұрақты негізде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілетінін де атап өтті.

“6 маусымда СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, “Қызыл Жар” шекаралық бақылау бөлімі арқылы өтуге әрекет еткен көлікті тоқтатты. Оның ішінде синтетикалық есірткі өндіру үшін қажетті прекурсорлар болды. Алынған прекурсорлардың жалпы салмағы 1 тонна 999 кг құрады”, – деді Жангелді Әпенов.

Shares