Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алу бойынша күдікті

СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алу бойынша күдікті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басқармасы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Лауазымды тұлға улы химикаттар қоймасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны жеделдетіп және кедергісіз бергені үшін кәсіпкерлік субъектісінен 200 мың теңге мөлшерінде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Shares