СҚО синоптиктері шілденің алғашқы күндеріне болжам жаса
“Қазгидромет” РМК СҚОФ деректері бойынша, Петропавлда 1 шілде күні түсте ауа температурасы +23+25 градусқа дейін көтеріледі, жауын-шашын болмайды, тек жиі бұлт көшеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
2 шілде күні Петропавлда найзағай ойнайды, жаңбыр және бұршақ жауады. Сейсенбіде сынап бағанасы +24+26 градусты көрсетеді.
Енді облыс бойынша ақпармен бөлісейік. Мұнда шілденің алғашқы жұмыс күндеріне арналған метеорологиялық болжам сәл өзгеше. Облыстың батыс бөлігінде 1 және 2 күндері жауын жауады, найзағай ойнайды, аймақтың солтүстік және шығысындағы кей жерде бұршақ түседі. Бұл күндері температура +21+26 градусқа дейін көтеріледі.