Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО спортшылары мен әртісі Петропавлдағы түзету мекемелерінде болды

СҚО спортшылары мен әртісі Петропавлдағы түзету мекемелерінде болды

Мекемелерге бас сұққан жергілікті спортшылар мен сахна саңлақтары жазасын өтеушілермен кездесіп, әңгімелесті, деп хабарлайды QZ Mediа тілшісі.

“№52 мекемеде” сотталғандардың джиу-джитсу және самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қоян-қолтық ұрыс бойынша сарапшы, сондай-ақ ақын, өз шығармаларының орындаушысы Денисенко Виктор Николаевичпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Виктор Николаевич дзюдодан жоғары ұлттық санаттағы төреші болғандықтан оны тек республикалық чемпионаттарда ғана емес, әлем чемпионаттарында да жұмыс істеу үшін үнемі шақыратынын айтты. 50 жылдан астам уақыт бойы спорт шебері арнайы күштерді де, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін де, балаларды да жаттықтыруға арнады. Кездесу соңында еңбек сіңірген жаттықтырушы мекемеге өзінің “Судьбе на встречу” атты басылымының өлеңдер жинағын тапсырып, “Қиындықтарға берілмей, өз мақсатыңа жет” деген нұсқау берді.

Өз кезегінде” №66 мекемеге” Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әртісі, көптеген республикалық қазақ музыка байқауларының лауреаты, “Әлкисса” фольклорлық ансамблінің солисі Ғалымжан Нұрпейісов келіп, сотталғандар үшін домбырада музыкалық шығармалар орындады.

“№50 мекеменің” сотталған әйелдерімен кездесуге жеңіл атлетикадан көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегерлері және А.Винокуров атындағы Спорт сарайы мен “Жеңіс” спорт мектебінің оқытушылары шақырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қонақтар сотталғандарға спортпен айналысуға арналған қарапайым жаттығуларды көрсетті және табысқа жетудің қиын жолы туралы өмірлік оқиғалармен бөлісті. Кездесу соңында шақырылған қонақтар сотталғандарға спорттық құрал-сайман түріндегі сыйлықтар табыс етті.

Shares