Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО тұрғындары мемлекеттік органдардың әрекеттеріне 15 рет шағымданған

СҚО тұрғындары мемлекеттік органдардың әрекеттеріне 15 рет шағымданған

Статистика белгілі! Көбінесе солтүстікқазақстандықтар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті арқылы сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сондай-ақ жер қатынастары салаларындағы мамандардың іс-әрекеттеріне шағым білдірген. Осы бағыт бойынша жыл басынан бері 9 өтініш түсті. Ал жалпы өтініш саны – 15, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Есіл ауданында азаматша өзіне мұраға қалған жерді рәсімдемек болған. Алайда, іс созылып кеткен, өйткені бір жерде 4 учаске орналасқан. Бұл факт Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексергеннен кейін расталды.

“Тыңдау рәсімі өтті. Осыдан кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті білдірген ұсыныс бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қызметкері мен өтініш берушінің өзі осы учаскеге баруы туралы шешім қабылдады. Бару қорытындысы бойынша жер учаскесінің шекаралары белгіленді. Қызмет көрсету және өтініш берушінің құқықтарын қалпына келтіру үшін қызмет алушыдан өтініш келіп түседі деп күтілуде. Егер мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтар бұзылған болса, әрбір көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын қалпына келтіру үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге құқығы бар”, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО департаменті басқармасының бас маманы Айсұлу Кәрімжан.

Shares