Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО тұрғындарының назарына: жазғы демалыс қымбатқа түсуі мүмкін

СҚО тұрғындарының назарына: жазғы демалыс қымбатқа түсуі мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2 мыңнан астам өзен мен көл орналасқан. Ресми түрде 60 су айдынында ғана шомылуға болады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қала аумағында шомылуға арналған 2 орын бар. Бұл – Пестрое көлі және қалалық жағажай аумағындағы Есіл өзенінің бөлігі. Бұл жерлерде құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік етеді, кез келген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсете алады. Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Барлық техника шомылу маусымына дейін дайындалды. Бұл – қайықтар мен сүңгуірлік жабдықтар”, – деді СҚО ТЖД басқармасының аға офицері Ризабек Темірбеков. 

Shares