Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚУ алаңында ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл және Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

СҚУ алаңында ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл және Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Kozybayev University бас алаңында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл және Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Рәсімге Kozybayev University әскери кафедрасының студенттері, ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттары және Қызылжар ауданы Бескөл мектеп-колледжінің жас ұлан сыныбының оқушылары қатысты, деп хабарлайды QZ News.

Kozybayev University-де 1998 жылы әскери кафедра құрылған болатын. Осы уақыт ішінде 3500-ден астам запастағы офицерлер мен сержанттар даярланды.

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ардагерлер мен оқытушылар алдында дарынды студенттер патриоттық қойылымдар қойып, өнер көрсетті. Алаңда келген жұртшылыққа далалық асхана ұйымдастырылды. Сондай-ақ бірқатар қызметкерлер мен студенттер алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

«7 мамыр мерекесі – Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында ерекше маңызға ие. Біз майдан мен тылда ерлік көрсеткен, олардың қатарында мыңдаған қазақстандық болған кеңес жауынгерлерінің ерен ерлігіне тағзым етеміз. Олардың жанқиярлығы, батырлығы мен бірлігі — келер ұрпақ үшін Жеңістің, бейбіт өмір мен еркіндіктің негізі болды», – деді Басқарма төрағасы – ректор Ербол Исақаев.

Shares