Тасқыннан зардап шеккен петропавлдықтар «AMANAT» партиясының СҚОФ жүгінді
Баспанасы су тасқынынан бүлініп қалған Петропавл қаласының екі тұрғыны «AMANAT» партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асановқа жүгінді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың үйі жарамсыз деп танылған. Қабылдау барысында өтініш білдіргендердің бірі үйге қосымша құжаттарды рәсімдеу бойынша көмек сұрады. Бір кездері ол тиісті түрде заңдастырылмаған.
Ал екінші азаматта тұрғын үйді таңдау мәселесі туындады. Ол таңдаған пәтердің құны өтемақының белгіленген деңгейінен асып түсіпті. Басқасы болса, оның көңілінен шықпаған. Себебі, өзінің баспанасымен салыстыруға келмейді екен.
Тағы бір өтініш беруші орманшылыққа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетуді сұрады. Оның сұрағы бойынша тиісті кеңес берілді. Өз кезегінде атқарушы хатшы бұл сұрақтармен қоғамдық қабылдау өкілдері айналысып, өз бақылауына алатынын жеткізді.