Тасқыннан зардап шеккен жандарға үйлер тұрғызатын “ALASH PARK” ЖШС: “Тұрғындармен үнемі байланыстамыз”
\
“Бірлік” жаңа шағын ауданында 12 үйді “Пилон” ЖШС салды. Құрылыс компаниясы “ALASH PARK” кәсіпорнымен бірлесе жұмыс істеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлерді салу кезеңінде компания тарапынан 160 адам еңбек етті. 4 бірлік техника жұмылдырылды
“Біздің үйлер алғаш тапсырылған 53 үйдің қатарына енді. Тұрғындармен үнемі байланыстамыз. Оларға ылғалды ауа-райында пешті жағу туралы кеңес бердік, сонда үйлер жақсы кебеді, енді ыстық ауа-райы бұған көмектеспек. Қазір кішігірім мәселелер бойынша көмектесеміз. Мысалы, электриктің, сантехниктің қызметін ұсынамыз. Біз кездесуге әрқашан ойланбастан барамыз. Үйлер сапалы, жылы, жаңа қоныстанушылар келгенге дейін барлық тексеруден өтті”, – деді “ALASH PARK” компаниясының бас директоры Алмаз Жолдағұлов.