Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Таза Қазақстан” акциясы басталғалы бері Петропавлдан 200 тоннадан астам қоқыс шығарылды

“Таза Қазақстан” акциясы басталғалы бері Петропавлдан 200 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Бүгін “Таза Қазақстан” акциясы аясында  жалпықалалық сенбілік өтті. Қала аумақтарын тазалауға қоршаған ортаға бейжай қарамайтын тұрғындар, қоғам қайраткерлері, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер, жалпы алғанда, бірнеше мың адам шықты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз Тұңғыш Президент саябағындамыз, мұнда аумақты абаттандырамыз, қоқыстар жинаймыз, сенбіліктер күн сайын өтеді. “Таза Қазақстан” акциясы аясында таза бейсенбі де ұйымдастырылады. Қала бойынша, орман алқабында, су айдындарының бойында көптеген қоқыс жиналды. Су тасқынынан зардап шеккен қаланың шағын аудандарына баса назар аударылуда”, – деді “AMANAT” партиясы “Болашақ” филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

Сенбілік ескі саябақта белсенді өткізілуде. Аумақ 20 учаскеге бөлінді, жақсы тазалау және көбірек қамту үшін әр төңірекке жауапты тұлғалар тағайындалды. Сондай-ақ, тұрғындар сенбілікті өз аулаларында өткізеді, кәсіпкерлер жеке аумақтарды тазалауға шықты.

“Таза және әдемі қалада тұру қажет, сондықтан мен басқа белсенділермен бірге сенбілік пен таза бейсенбілікке барамын. Менің ойымша, жастар мен ересектер жақсы істерді бойларына сіңіріп, біз тұратын жерді қадағалап отыруы керек”, – деді ерікті Анна Божинская.

Сенбілікке үлкен көлемді техника тартылған. Бұл – бірнеше КАМАЗ бен тиегіш. Акция басталғаннан бері шаһарда 200 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Shares